28 Қараша 2026, 05:19
Фото: depositphotos.com
Иран АҚШ-тың теңіз блокадасын бұзуға ниетті
Сондай-ақ ол АҚШ-ты Иранның әуе және теңіз кеңістігіндегі жауап әрекеттеріне дайын болуға шақырды.
Иран АҚШ енгізген теңіз блокадасын бұзуға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы Маджид Мусави хабарлады.
Оның айтуынша, ешқандай блокада Иранның ұлттық еркі мен қорғаныс күшіне қарсы тұра алмайды. Сондай-ақ ол АҚШ-ты Иранның әуе және теңіз кеңістігіндегі жауап әрекеттеріне дайын болуға шақырды.
«Жау біздің іс-әрекетімізді әуеде және теңізде күтсін. Ешқандай блокада Иранның ұлттық еркі мен қорғаныс күшіне қарсы тұра алмайды. Блокаданы бұзу – шешілген міндет әрі берік ұстаным», – деп жазды Мусави X әлеуметтік желісінде.