26 Қыркүйек 2026, 20:18 Фото: istockphoto.com

Иран АҚШ-тың Ормуз бұғазына қатысты жеті күндік жоспар бойынша шешімін күтеді

Иран Катар арқылы АҚШ-қа жеті күндік нақты жоспар ұсынды.

Тегеран делдалдар арқылы АҚШ-қа Ормуз бұғазын кемелер қатынасы үшін ашуға қатысты «нақты» жеті күндік жоспар ұсынды. Енді шешім Вашингтонға байланысты. Бұл туралы Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи БҰҰ-да журналистерге мәлімдеді.

Иран СІМ басшысының айтуынша, АҚШ пен Израильдің шабуылдары салдарынан 5 мыңнан астам адам, оның ішінде әйелдер мен балалар қаза тапқан.

Оның сөзінше, Вашингтон Иранға экономикалық қысымды да «қару ретінде пайдаланып отыр».

Бұдан бөлек, Аракчи АҚШ-ты өзара түсіністік туралы меморандумды бұзды және агрессивті әрекеттер жасады деп айыптады.

Иран Катар арқылы АҚШ-қа нақты жеті күндік жоспар ұсынды. Қажетті шарттар орындалған жағдайда бұғаз қайта ашылып, жеті күн ішінде қалыпты кеме қатынасы қалпына келтірілуі мүмкін. Енді шешім АҚШ-қа байланысты. Иран қорқыту мен мәжбүрлеуді қабылдамайды, – деді ол.

Иран СІМ басшысының айтуынша, егер Вашингтон тиісті шешім қабылдап, қажетті шарттарды орындаса, бұған шамамен төрт-бес күн қажет болуы мүмкін. Бұл жағдайда Ормуз бұғазы алтыншы күні ашылып, жетінші күні келіссөздер басталуы ықтимал.

Аракчидің айтуынша, Вашингтонға ұсынылған жоспардағы шарттар жаңа емес. Олардың барлығы тараптар бұған дейін қол қойған өзара түсіністік туралы меморандумда көрсетілген.

«АҚШ қажетті деңгейде байыптылық танытса», бұғаз ашылуы мүмкін, – деп қосты ол.