Иран АҚШ-тың Катар мен Ирактағы әскери базаларына 11 зымыран ұшырды – БАҚ
Иран Қарулы күштері АҚШ-тың Катар мен Ирактағы әскери базаларына қарсы 11 зымыран ұшырды. Бұл туралы Ислам революциясы сақшылар корпусының (КСИР) Telegram арнасы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ynet порталына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, Катардағы Әл-Удейд әскери авиабазасына 10 зымыран, ал Ирактағы АҚШ базасына 1 зымыран бағытталған. Бұл әрекет АҚШ-тың Иранның ядролық нысандарына жасаған шабуылына жауап ретінде жүзеге асырылған.
КСИР мәлімдемесінде Иран бұл операцияны "Жеңіс туралы жақсы хабар" деп атаған. Шабуыл барысында қолданылған зымырандардың саны АҚШ-тың Иран ядролық нысандарына тастаған бомбаларының санымен тең екені атап өтілген.
Ирактағы АҚШ базаларында жоғарғы деңгейдегі жауынгерлік дайындық жарияланып, қызметкерлерге бункерлерге жасырыну туралы бұйрық берілген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Вьетнамда круиздік кеме апатынан 34 адам қаза тапты
Өзгелердің жаңалығы