Бүгiн 2026, 02:44
Фото: depositphotos.com
Иран АҚШ-ты атысты тоқтату режимін бұзды деп айыптады
Мәлімдемеге сәйкес, америкалық күштер Ормуз бұғазына бет алған ирандық мұнай танкеріне шабуыл жасаған.
Иранның жоғары әскери қолбасшылығы АҚШ-ты атысты тоқтату режимін бұзды деп айыптады. Бұл туралы Иранның мемлекеттік IRIB телеарнасы жария етті, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
Мәлімдемеге сәйкес, америкалық күштер Ормуз бұғазына бет алған ирандық мұнай танкеріне шабуыл жасаған. Сондай-ақ Эль-Фуджайра Әмірлігіне қарама-қарсы аймақтағы тағы бір кемеге оқ атылғаны айтылды.
Иран тарапы Бандар-Хамира, Сирик және Кешм аралы маңында әуе шабуылдары жасалғанын мәлімдеді. Әскери күштер АҚШ кемелеріне жауап соққы беріп, оларға “айтарлықтай зиян келтірілгенін” хабарлады.
Сонымен қатар, ирандық Fars агенттігі Бендер-Аббас маңында бірнеше жарылыс болғанын жазды. Tasnim агенттігі Кешм аралы мен Бандар-Аббас ауданында да жарылыстар естілгенін хабарлады.
Қазіргі уақытта АҚШ тарапы бұл ақпаратқа ресми түсініктеме берген жоқ. Ал BBC аталған мәлімдемелерді тәуелсіз түрде растай алмағанын мәлімдеді.