Иран АҚШ талаптарына бағынбайды – Али Хаменеи
Иранның жоғарғы көшбасшысы Али Хаменеи АҚШ-тың Тегеранға қысым жасау әрекеттеріне үзілді-кесілді қарсы болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Известияға сілтеме жасап.
Иран Трампқа бағынбайды. Иран халқы оған және оған жалған үміт артқандарға үзілді-кесілді қарсы тұрады», – деп келтіреді Хаменеидің сөзін Clash Report Telegram-арнасы.
Көшбасшы сондай-ақ Иранның АҚШ-пен тікелей келіссөз жүргізуден неге бас тартатынына қатысты пікір білдіріп, мұндай ойды қолдаушыларды «үстірт ойлайтындар» деп атады.
Бұған дейін Financial Times басылымы аталған елдер Тегеран тамыз айының соңына дейін ядролық бағдарлама бойынша келіссөздерді қайта бастамаса, шектеулерді қайта енгізуге дайын екенін жазды. Алайда Иран тарапы бұл хабарламаға ресми жауап берген жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістан облысындағы ауылда қоймадан ірі өрт шықты
Өзгелердің жаңалығы