25 Қазан 2026, 07:49 Фото: depositphotos.com

Иран АҚШ-қа блокаданы алып тастау жөнінде ұсыныс жасады – БАҚ

Әзірге Иран билігі бұл ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Иран АҚШ-қа Ислам Республикасының порттарына қойылған блокаданы алып тастаудың орнына Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қалпына келтіруді ұсынды. Бұл туралы Al Arabiya телеарнасы өз дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

Телеарна мәліметінше, Тегеран бұл ұсынысты Пәкістанның делдалдығымен Вашингтонға жеткізген. Сонымен қатар Иран тарапы Исламабадқа АҚШ-пен келіссөздерді қайта бастауға дайын екенін мәлімдеген.

Әзірге Иран билігі бұл ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Ормуз бұғазы  – әлемдік мұнай тасымалы үшін стратегиялық маңызы зор теңіз жолы. Сондықтан бұғаздағы кеме қатынасының қалпына келуі мен АҚШ-тың Иран порттарына қатысты шектеулерінің өзгеруі халықаралық сауда мен энергетикалық нарыққа ықпал етуі мүмкін.