Бүгiн 2026, 10:16
Фото: Anadolu Agency
Иран АҚШ-қа 14 шарттан тұратын бейбіт жоспар ұсынды
Тегеран Вашингтоннан жаңа жоспарға жауап күтуде.
Иран Таяу Шығыстағы қақтығысты реттеуге бағытталған 14 тармақтан тұратын жаңа бейбіт жоспарды АҚШ-қа жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ DW-ге сілтеме жасап.
Бұл құжат бұған дейін америкалық тарап ұсынған бастамаға жауап ретінде әзірленген.
Тегеранның талаптары қатарында – шабуыл жасамауға кепілдік беру, америкалық әскерді шығару, блокада мен санкцияларды алып тастау, сондай-ақ активтерді босатып, өтемақы төлеу мәселелері бар. Сонымен қатар, Иран өңірдегі әскери іс-қимылды тоқтатуды және Ормуз бұғазының жұмыс істеу тәртібін қайта қарауды талап етеді.
Вашингтон бұл құжатты алғанын растады. Дональд Трамп ұсыныстарды қарастыратынын айтқанымен, олардың қабылдануына күмән келтірді.