Иран АҚШ-пен ядролық келіссөздерді қайта бастау үшін қандай шарт қойды?

Иран АҚШ-пен ядролық бағдарламаға қатысты келіссөздерді қайта бастауға дайын екенін мәлімдеді. Алайда бұл үшін Вашингтон Иранның Ядролық қаруды таратпау туралы шарт аясындағы құқықтарын мойындауы тиіс. Бұл туралы Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Казем Гарибабади Reuters агенттігіне берген мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Келіссөздер тек Тегеранның Ядролық қаруды таратпау туралы шарт шеңберіндегі құқықтары мойындалса ғана қайта жалғасуы мүмкін, - деді Гарибабади.

Сонымен қатар, Иран тарапы АҚШ тарапынан сенімді қарым-қатынас пен әскери шабуылдардың болмауына кепілдік беруді талап етіп отыр. Тегеран келіссөздер басталғаннан кейін кезекті шабуылдар болмайтынына көз жеткізгісі келеді. Бұған дейін де Иран билігі дәл осы сенімсіздік мәселесін диалогты жалғастыруға кедергі ретінде атаған болатын.

Sky News Arabia арнасының хабарлауынша, 27 шілдеде Женева қаласында Иран мен «еуроүштік» елдері - Франция, Ұлыбритания және Германия арасында келіссөздер өтеді деп жоспарлануда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: AP / Vahid Salemi
Өзгелердің жаңалығы