1 Қараша 2026, 13:14 Фото: istockphoto.com

Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізу үшін жеті шарт қойды

Иран тарапы олар орындалмайынша келіссөз үстеліне отырмайтынын мәлімдеді.

Иран мен АҚШ арасындағы келіссөздер Вашингтон Тегеранның жеті талабын қабылдаған жағдайда ғана қайта басталады. Бұл туралы Иранның мемлекеттік телеарнасы хабарлады.

Иранның Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Мохсен Резаи осындай мәлімдеме жасаған.

Біз АҚШ-қа өзіміздің жеті талабымызды жеткіздік. Вашингтон Тегеранның талаптарын орындамайынша, ешқандай келіссөз болмайтынын айттық. Бұл шарттар Исламабад меморандумының мазмұнынан өзгеше, – деді Резаи Иранның мемлекеттік телеарнасында сөйлеген сөзінде.

Ол сондай-ақ Иран АҚШ-ты «жазалауы» керек екенін айтты. Оның пікірінше, егер Тегеран мұндай қадамға бармаса, басқа елдер де Иранға қарсы осындай әскери шабуыл жасауға болады деген қорытындыға келуі мүмкін.