Бүгiн 2026, 05:50 Фото: Reuters

Иран АҚШ-пен келіссөз алдында Пәкістанмен ақылдасады

Иран билігі АҚШ-пен өтетін келіссөздердің келесі кезеңіне қатысты шешім қабылдамақ.

Иран билігі АҚШ-пен өтетін келіссөздердің келесі кезеңіне қатысты шешімді Пәкістан делегациясымен кеңескеннен кейін қабылдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Tasnim агенттігіне сілтеме жасаған дерекке сүйенсек, Ливандағы атысты тоқтату режимі Иран үшін АҚШ-пен келіссөздердің жаңа раундына қатысты оң белгі ретінде бағаланған.

Еске салайық, 11 сәуір күні Иран мен АҚШ арасында Исламабадта келіссөздер өткен. Иран делегациясын парламент спикері Мохаммад Багер Галибаф бастап барса, АҚШ тарапынан делегацияны вице-президент Джей Ди Вэнс басқарған.