Иран АҚШ-пен келісім үшін 24 млрд доллар активтерін бұғаттан шығаруды талап етуде
Иран аралық келісім аясында 12 миллиард долларды бірден, ал кейін тағы 12 миллиард долларды босатуды сұрап отыр.
АҚШ пен Иран арасындағы ықтимал мәміле Тегеранның шамамен 24 миллиард доллар көлеміндегі бұғатталған активтерін босату талабына байланысты талқыланып жатыр.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Иранның Жоғарғы көшбасшысының әскери кеңесшісі Мохсен Резай бұл қаражатты жібіту келіссөздердегі сенімді нығайтудың негізгі шарты болуы мүмкін екенін мәлімдеді.
«Келіссөздер тығырыққа тірелді, енді оны АҚШ президенті Дональд Трамп шешуі керек. Доп Трамптың жағында», – деді ол.
Резайдың айтуынша, Тегеран бұл талапты сенімді тексеру тетігі ретінде қарастырады.
Иран аралық келісім аясында 12 миллиард долларды бірден, ал кейін тағы 12 миллиард долларды босатуды сұрап отыр.
АҚШ тарапындағы шенеуніктер бұл қадам Вашингтонның Иранға қысым жасау мүмкіндігін әлсіретуі мүмкін деп алаңдаушылық білдірген.
Иран тарапы бұған дейін ядролық қару жасау ниеті жоқ екенін бірнеше рет мәлімдеген.