Иран: АҚШ-пен келісім теңіз қатынасын қалпына келтіруі мүмкін
жобаға сәйкес, Иран Ормуз бұғазы арқылы коммерциялық тасымалды бір ай ішінде соғысқа дейінгі деңгейге дейін қалпына келтіруі тиіс.
Иранның мемлекеттік телеарнасы АҚШ-пен жасалуы мүмкін келісім жобасы Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасын қайта жандандырып, теңіз блокадасын алып тастауды қарастыратынын хабарлады.
Reuters агенттігінің мәліметінше, жобаға сәйкес, Иран Ормуз бұғазы арқылы коммерциялық тасымалды бір ай ішінде соғысқа дейінгі деңгейге дейін қалпына келтіруі тиіс. Ал АҚШ Иран маңындағы әскери күштерін кері қайтарып, теңіз блокадасын тоқтатуға міндеттенеді.
Дегенмен құжат әлі түпкілікті бекітілмеген. Иран тарапы кез келген қадам тек нақты тексеру және расталған кепілдіктер болған жағдайда ғана жасалатынын атап өткен.
Жоба аясында бұғаздағы кеме қатынасы әскери кемелерге қолданылмайды және Иран оны Оманмен бірлесіп реттеуі мүмкін.
Келісім жобасы АҚШ пен Иран арасындағы жанама келіссөздер нәтижесінде әзірленген. Бұл үдерісте Пәкістан делдал рөлін атқарған.
Қақтығыс биылғы жылдың басында Иран мен Израиль арасындағы шиеленістің күшеюінен кейін басталып, Парсы шығанағындағы кеме қатынасына елеулі әсер еткен.
- Тоқаев Үкіметке сыбайлас жемқорлықты азайту жөнінде ұсыныс әзірлеуді тапсырды 15:21
- Президент: Сыбайлас жемқорлыққа батқан ниеті теріс кісілер – біздің қас жауымыз 15:15
- Президент: Заң мен сот алдында бәрі тең, «өзіміздікі» және «бөтен» деп бөлуге жол берілмейді 15:08
- Тоқаев: Конституцияны күлкі қылғандар қатаң жазаланады 15:06
- Астанада жерлеу және зираттарды күтіп-ұстау қағидаларын бекіту жоспарлануда 15:06
- Қазақстанда жаңа Азаматтық кодекс әзірленеді: Азаматтар мен кәсіпкерлер үшін не жаңарады? 15:05
- Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады 15:01