Бүгiн 2026, 07:48 Фото: depositphotos.com

Иран: АҚШ пен Израильге зымыран қорын қайта қалпына келтіру қиын болады

Пентагон да Иранға қарсы операцияларға жұмсалған шығын көлемі ондаған миллиард долларға жақындағанын хабарлаған.

Иран парламенті – Мәжілістің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мүшесі Эсмаил Косари АҚШ пен Израильге Иранмен қақтығыс кезінде жұмсалған қару-жарақ қорын қалпына келтіру оңайға соқпайтынын мәлімдеді.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Косари 40 күнге созылған әскери қақтығыс барысында қарсы тарап айтарлықтай көлемде зымырандар мен бомбаларды пайдаланғанын айтқан.

«Жау қолындағы барлық мүмкіндігін пайдаланды. Олар жоғалтқан зымырандар мен бомбалардың орнын толтыруда қиындыққа тап болады. Ал біз өз қорымызды оңай толықтыра аламыз», – деді Косари.

Сондай-ақ ол Иранның әскери әлеуетін қарсыластары толық бағаламай отырғанын атап өтті.

Косаридің сөзінше, Иран кез келген қауіпке төтеп беруге дайын және елдің қорғаныс мүмкіндігі жоғары деңгейде сақталған.

Бұған дейін америкалық сарапшылар Иранмен қақтығыс АҚШ экономикасына аса қымбатқа түсуі мүмкін екенін айтқан. CNN мәліметінше, әскери операциялардың жалпы шығыны 1 триллион долларға дейін жетуі ықтимал.

Пентагон да Иранға қарсы операцияларға жұмсалған шығын көлемі ондаған миллиард долларға жақындағанын хабарлаған.