Бүгiн 2026, 07:14
Фото: Majid Asgaripour / WANA (West Asia News Agency) via Reuters
Иран АҚШ пен Израильдің Таяу Шығыстағы университеттеріне шабуыл жасайтынын мәлімдеді
Мәлімдемеде АҚШ Иран университеттеріне жасалған бомбалауды айыптамаса, өңірдегі америкалық нысандарға қарсы жауап соққылары жасалуы мүмкін екені айтылды.
Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусы (КСИР) Тегерандағы Ғылым және технология университетіне жасалған шабуылдан кейін Таяу Шығыстағы АҚШ пен Израильге тиесілі университеттерге соққы беруі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
КСИР өкілдерінің айтуынша, өңірдегі барлық университеттер «Иран оқу орындарына жасалған шабуылдарға жауап ретінде екі нысан жойылғанға дейін» заңды нысана ретінде қарастырылуы мүмкін.
Сондай-ақ, ұйым аймақтағы америкалық университеттердің қызметкерлері мен студенттеріне, сондай-ақ жақын маңдағы тұрғындарға қауіпсіздік үшін бұл нысандардан кемінде 1 шақырым қашықтықта болуды ұсынды.
Мәлімдемеде АҚШ Иран университеттеріне жасалған бомбалауды айыптамаса, өңірдегі америкалық нысандарға қарсы жауап соққылары жасалуы мүмкін екені айтылды. Бұл талапты орындауға 30 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 12:00-ге дейін мерзім берілген.