Иран қанатты зымырандары бар жаңа сүңгуір қайығын таныстырды

Алматы, BAQ.KZ. Жоғары класты «Фатех» сүңгуір қайығы Иран әскери-теңіз күштерінің құрамына енгізілді, деп жазды Иран ислам республикасының ИРНА ақпарат агенттігі.

Иранның өзінде жасалған бұл әскери техника Иран президенті Хасан Руханидің қатысуымен көпшілікке таныстырылып, елдің қарулы күштеріне табысталды.

Салмағы 600 тонна тартатын бұл сүңгуір қайық 200 метр тереңдікке дейін бара алады, сондай-ақ автоматты режимде су астында бес аптаға дейін жүре алады.

Сүңгуір қайық торпедалық қарулармен жабдықталған, теңіз миналары және қанатты зымыраны бар.

Еске салсақ, бұл Иранның өзі жасап шығарған екінші сүңгуір қайығы. Біріншісі – «Гадир» шағын сүңгуір қайығы болатын, оның бортында екі торпедалық құрылғы ғана бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы