Иракта жасырын казинода жұмыс істеген 20 қазақстандық ұсталды

Ирактың құқық қорғау органдары еңбек қызметін заңсыз жүргізген Қазақстан азаматтарын биылғы наурыздың соңында ұстаған, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Оқиғаға Қазақстанның Иордания мен Ирактағы елшілігі араласып, жергілікті органдармен сот қарауынсыз депортациялауға уағдаласты. Қазір бұл азаматтар айыппұл төлеп, Ирактан шығып кетті.

Алайда бұл жалғыз жағдай емес. Биылғы ақпанда Қазақстанның басқа 7 азаматы Ирактың заңнамасын бұзып, жасырын казинода заңсыз еңбек еткен. Сол үшін тергеуге де тартылды. Мәлім болғандай, олардың 5-еуі былтырғы қарашада сот ісін қарағанға дейін кепілге босатылған. Осыған қарамастан олар бұрынғы заңсыз жұмысына қайта барып, Ирак заңнамасын қайта бұзды, - деді СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, Қазақстан елшілігі құқықтық және басқа да шұғыл көмекті ұсынды. Сондай-ақ сот және прокуратурамен келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде оң өзгерістер бар. Дегенмен айтылған заңбұзушылықтарға жол берген азаматтар миллиондаған айыппұл салынуы мүмкін.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: nalogikz.kz
Өзгелердің жаңалығы