Иракта үкімет құрамы ауысты
Ирак парламенті елдің жаңа премьер-министрі Мохаммед Шиа ас-Судани бастаған министрлер кабинетінің жаңа құрамын бекітті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Депутаттар 21 ведомствоның басшысын тағайындады.
Естеріңізге салайық, елде бір жылдан астам уақыт бойы жалғасқан саяси дағдарыстан кейін жаңа үкімет бекітілді. Бірнеше ай бойы Ирактың ірі қалалары жаппай наразылық акциялардан көз ашпай келген.
Ашынған халық елдің саяси жүйесін өзгерту керек деген талап қойды. Енді жаңа үкімет экономикада реформа жүргізіп, жемқорлықпен күресті күшейтпек ниетте. Сонымен қатар мерзімнен бұрын парламент сайлауын өткізу жоспарымен бөлісті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы