Бүгiн 2026, 08:12 Фото: Reuters

Иракта шетелдік журналисті ұрлап кетті

Ұрланған әйелдің америкалық төлқұжаты бар.

Белгісіз біреулер Ирак астанасы Бағдадта шетелдік журналисті ұрлап кетті. Бұл туралы Ирак Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Әйелдің азаматтығы жарияланбады.

Күдіктілердің бірі ұсталды. Министрлік журналисті босату үшін жұмыс істеп жатыр.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, ұрланған әйелдің американдық төлқұжаты бар. Полиция дереккөздері азаматтық киім киген төрт ер адам әйелді күштеп мінгізіп, алып кеткен көлікті әлі де қудалап жатқанын айтты.

Іздеу жұмыстары астананың шығыс бөлігінде, ұрлаушылардың көлігі бара жатқан жерге бағытталған.