Иракта ДАИШ-ке қаур жеткізетіндер ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Ирактың әскери барлаушылары елдің солтүстігінде ДИАШ (Қазақстанда тиым салынған) лаңкестік тобына басты қару жеткізушіні ұстағандарын мәлімдеді.
Ирактың әскери барлаушыларының мәліметінше, ұсталған ең басты қару саудалаушысы болып табылады әрі ДАИШ-ті қарумен қамтамасыз етіп отырған. Сондай-ақ ол 2014 жылы Спайкер әуебазасында болған шайқасқа қатысқан ең қауіпті лаңкестің бірі. Ол кезде 1,7 мың кадет содырлардың құрбаны болған.БҰҰ ақпан айының басында ДАИШ-тің бюджеті 50 ден 300 млн долларға дейін болуы мүмкін деп хабарлаған. Ирак пен Сириядағы ДАИШ қатарында 14-18 мың содыр бар, олардың 3 мыңын шетелдіктер құрайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағандыда Аналар кеңесі күні өтті
Өзгелердің жаңалығы