Бүгiн 2026, 01:29 Фото: freepik

Иракта бүкіл ел бойынша электр қуаты өшті

Министрлік электр қуатын өшірудің нақты себебін әзірге анықтап жатыр.

Ирактың Электр энергетикасы министрлігінің мәліметінше, елдің барлық провинцияларында электр қуаты толық өшкен, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.

Ирак ақпарат агенттігінің мәліметінше, министрлік электр қуатын өшірудің нақты себебін әзірге анықтап жатыр.

Хабарламада электр энергиясының өшуі елдің барлық аймақтарын қамтып, жалпы инфрақұрылымға әсер еткені атап өтілген. Министрлік жағдайды тез арада қалпына келтіру үшін тиісті шараларды қабылдап жатқанын мәлімдеді.