Желіде IQ-ге арналған ең қысқа тест пайда болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Массачусетст техникалық институтының профессоры Шейн Фредерик (Shane Frederick) үш математикалық сұрақтан тұратын IQ-ге арналған тест құрастырып шығарды. Бұл туралы Mirror хабарлады.
Бұл тестті ғалым зерттеу аясында когнитивтік қабілеттілік деп атап 2005 жылы шығарған, бірақ желіде тек қазір ғана пайда болды. Тәжірибе аясында Фредерик әр саладағы білім дәрежесі әртүрлі адамдарға шешуге ұсынған. Қатысушылардың арасында Йельский мен Гарвард университетінің студенттері де бар. Үш сұраққа тек 17% қатысушы ғана дұрыс жауап берген.
Профессор тест сұрақтарының жауабын өте қарапайым дейді. Ол сұрақтарға жауап беру кезінде ойға келген бірінші сандарды «басып» тастау керек дейді.
Тестке келесі сұрақтар енді:
1. Теннис ракеткасы мен добы 1,10 доллар тұрады. Ракетка доптан 1 доллар қымбат. Доптың құны қанша?
2. Бес тоқыма машинасына 5 өнім дайындап шығару үшін 5 минут уақыт қажет. 100 машина 100 өнімді неше минутта дайындап шағарады?
3. Өзенде тұңғиық өседі, күн сайын олардың көлемі екі есеге ұлғаяды. Тұңғиықтың өзен бетін толық жабу үшін 48 күн қажет болса, өзенді жартылай жабу үшін қанша күн қажет?
Көбі бұл сұрақтарға 10 цент, 100 минут және 24 күн деп жауап берген. Профессор кімде-кім «10 цент» деп жауап бермеген болса, сол адам дұрыс жауап берген болып есептеледі дейді.
Ал дұрыс жауаптары: 5 цент, 5 минут, 47 күн.