19 Қараша 2025 2025, 11:34 Фото: BAQ.KZ коллажы

Ипотекалық несиелер бойынша жаңа шешім: Ұлттық банктің басшысы түсіндірді

Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов елде ипотекалардың қалай берілетінін түсіндірді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов елде ипотекалардың қалай берілетінін түсіндірді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Сүлейменовтың айтуынша, Ұлттық банктің жоспарында – қамтамасыз етілмеген кредиттердің пайызын төмендету және тұтынушылық несиелендірудің теңгерімсіз өсуін шектеу үшін жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін кезең-кезеңімен төмендету көзделген.

Ақшаның құнының өсуіне байланысты ипотекалық тұрғын үй несиелері бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мәні 2026 жылғы 1 шілдеге дейін 25% деңгейінде уақытша сақталады. Бұл халық үшін ипотекалық кредиттердің қолжетімділігі мен банк секторындағы тұрақтылық арасындағы теңгерімді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар 2026 жылғы 1 шілдеден бастап ипотека бойынша шекті ЖТСМ-ді LTV көрсеткішіне (клиентпен барлық өзара іс-қимыл кезеңінде компания алатын табыстың үлесі) байланыстыру мүмкіндігі қарастырылады. Бұл тәсіл кредиттің қамтамасыз етілу деңгейін және нақты нарықтық жағдайларды ескеретіндіктен, неғұрлым ұтымды әрі экономикалық негізделген шешім, – деді ол.

Оның сөзінше, инфляциялық қысымды төмендету үшін бөлшек тауарларды бөліп төлеу және “қазір сатып ал – кейін төле” қызметтерін реттеу бойынша тәсілдер әзірленетін болады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда ипотека бойынша сыйақының шекті мөлшерлемесі 25%-дан 20%-ға дейін төмендетілетіні айтылған еді. Бұл банктердің ипотекалық несиелерден түсетін ықтимал табысын одан әрі қысқартады.