Ипотекалық тұрғын үй несиелер көлемі бір жылда 18% артты
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ұлттық банкі Қаржы нарығының әдіснамасы департаментінің директоры Дәурен Сәлімбаев еліміздің ипотекалық несие нарығы жайлы айтып берді.
«2018 жылы Ұлттық Банк ипотекалық нарықты жандандыру үшін тиісті жұмыс жүргізгені сіздерге белгілі. Өткен жылдың ортасында «7-20-25» бағдарламасының шарттары бекітілді, парламент депутаттарының қолдауымен ипотекалық нарықтың дамуына мүмкіндік бермейтін заңнамалық кедергілер жойылды, «7-20-25» операторы «Баспана» ипотекалық ұйымы құрылды. «7-20-25» бағдармасы 2018 жылғы шілдеде іске қосылды. Қысқа мерзімге қарамастан қолданылған шаралар отандық ипотекалық несие нарығының жағдайына оң әсерін тигізді», - деді Сәлімбаев Сенаттағы дөңгелек үстел барысында.Маманның айтуынша, 2019 жылдың басында ипотекалық тұрғын үй несиелерінің көлемі 1,3 трлн теңгені құрап, бір жылдың ішінде 202 млрд тенгеге (18 %) көбейді. Банк секторының несие портфелінде ипотекалық тұрғын үй несиесінің үлесі бір жылдың ішінде 8 %-дан 10 %-ға дейін көбейді. 2018 жылы ипотекалық тұрғын үй несиелерін беру көлемі 525 млрд теңгені құрады. Осылайша, бір жылда 47 %-ға немесе 168 млрд теңгеге артты.
«Тұрғын үй несиелерін берудің жалпы көлемінде Тұрғын үй жинақ банкі – 360 млрд теңге (үлесі 70%), басқа банктер – 165 млрд теңге (үлесі 30%). Банктердің (ТҮЖБ есепке алмағанда) ипотекалық несие беру көлемі бір жылда 2,5 есеге көбейгенін атап өткен жөн. Осылайша, «7-20-25» бағдарламасын іске қосу мен шаралар кешені Қазақстанның ипотекалық несие нарығын айтарлықтай жандандарды», - деді Дәурен Сәлімбаев.
Қымбат ЕЛТАЙҚЫЗЫ
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Іле Алатауында жоғалған студенттер құтқарылды
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы