Ипотекаға алған пәтерді жалға беру заңды ма?

Баспана – елімізде өзекті мәселелердің бірі екені анық. Ипотекаға алынған пәтерді жалға беруге бола ма? Бұл сұраққа заңгер Сабира Салимова жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, ескеретін бірнеше жайт бар.

Ипотекалық баспананы сіз қарыз шарты негізінде сатып алатыныңыз белгілі. Баспананы ипотекаға алып отырғандықтан пәтеріңіз сол қарыз шарты бойынша мойныңызға алған міндеттемелерді орындауыңызды қамтамасыз етуге кепілге қойылады. Кепіл құзыретті органда тіркеле отырып, кепілдік шартымен рәсімделеді. Егер сіз мойныңызға алған міндеттемені орындамаған жағдайда банк кепілдегі мүлік құнынан өзінің талаптарын қанағаттандыруға құқылы. Осы орайда, сіз ипотека бойынша қарыздың бүкіл сомасын төлеп бітпейінше өзіңіздің ипотекалық мүлкіңізге толықтай көлемде иелік ете алмайсыз деген сөз, - деп түсіндірді Сабира Салимова.

Сонымен қатар маман пәтер иесінің қандай құқығы барына тоқталды.

Сондай-ақ ҚР Азаматтық кодексінің 315-бабына сәйкес, егер заңнамалық актілермен немесе келісімшартпен басқаша қарастырылмаса, кепіл беруші, яғни ипотекалық несие алған адам кепілді кепілзат иесі – банктің келісімімен ғана жалға беруге немесе өзгеге тегін пайдалануға ұсынуға, басқа да әрекеттер жүргізуге құқылы. Сондықтан қандай да бір құжатқа, келісімшартқа қол қоймас бұрын оны оқып, мұқият танысып алыңыздар, - деді заңгер.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы