14 Қаңтар 2019 2019, 10:37
6 күн ішінде 4,9 млрд теңгелік ипотекалық несие мақұлданды
Астана, baq.kz. «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ осы жылдың алты жұмыс күні ішінде тұрғын үйге байлансты берілген несие көлемін жария етті.
Астана, baq.kz. «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ осы жылдың алты жұмыс күні ішінде тұрғын үйге байланысты берілген несие көлемін жария етті.
«2019 жылдың 6 жұмыс күні ішінде банктер «7-20-25» бағдарламасы арқылы 3 млрд теңге және «Баспана Хит» бағдарламасы арқылы 1,9 млрд теңге көлемінде несиені мақұлдады», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
4,9 млрд теңгенің 2,5 млрд теңгесін немесе 56%-ын Сбербанк қамтамасыз етті. Банк басқа банктерге қарағанда «7-20-25» және «Баспана Хит» бағдарламаларына ең соңғы болып, 2018 жылдың желтоқсанында кірген болатын.
Айта кетсек, 2018 жылдың қорытындысы бойынша «7-20-25» бойынша несие мақұлдау көлемі жағынан Центр Кредит банкі (78%) көш бастаған (36,4 млрд теңге). Ал «Баспана Хит» бойынша 38%-бен Цесна банк несие берушілердің тізімін бастады. Бұл банк жалпы көлемі 1,4 млрд теңге несие берді.