13 Қазан 2025 2025, 05:18 Фото: pixabay

iPhone үшін WhatsApp-та жаңа мүмкіндік пайда болды

WhatsApp мессенджерінің iOS жүйесіне арналған бета-нұсқасында қолданушыларға фотосуреттер мен бейнелердің сапасын басқару мүмкіндігі қосылды. Бұл жаңалық туралы WABetaInfo (WBI) басылымы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңа функция 25.29.10.71 нұсқасында қолжетімді және екі режим ұсынады:

  • «Стандартты сапа» – интернет-трафикті үнемдеу үшін файлдарды қысқартып жібереді;
  • «HD сапасы» – сурет пен бейненің бөлшектерін барынша сақтайды.

Осылайша, қолданушылар енді интернет-трафик пен құрылғы жадын үнемдей отырып, файл сапасын өз қалауына қарай реттей алады.

Параметрлерді «Сақтау және деректер» бөлімінен табуға болады. WBI-дің түсіндіруінше, егер жіберуші суретті HD форматында жолдаса, WhatsApp сервері екі нұсқаны – стандарты және HD сапада – сақтайды. Алушы өз құрылғысындағы параметрлерге қарай бірін таңдай алады немесе жоғары сапалы нұсқаны қолмен аша алады.

Айта кетейік, бұл мүмкіндік бұрын Android нұсқасында сынақтан өткен, енді iPhone пайдаланушыларына қолжетімді бола бастады.