6 Қараша 2024 2024, 17:33 Фото: -архив

iPhone 15Pro және 5 велосипед ойнатылады: елордада бұқаралық жүгіріс өтеді

Астана қаласында 10 қараша күні Jeniske birge jugir бұқаралық жүгірісі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласында 10 қараша күні Jeniske birge jugir бұқаралық жүгірісі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қала әкімдігінің ұйытқы болуымен өтетін спорттық іс-шара Ботаникалық саябақта өтеді.

Жарыстың жалпы қашықтығы – 4 км. Жарысқа қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу сағат 08:30-10:00 аралығында өтеді. Ал іс-шара тиісінше сағат 10:00-де өтеді. Тіркелу тегін. Спорттық іс-шараға 1000 адамға дейін қатыса алады.

Қатысушыларға финиш алаңында естелік медальдары беріледі.

Ал ерекше айта кетерлігі, қатысушылар арасында iPhone 15Pro және 5 велосипед ойнатылады