Желіде iPhone 12 макеттерінің суреті пайда болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Apple компаниясы iPhone 4 және жаңа iPad Pro дизайнына қайта оралмақ.
Желіде шынайы iPhone 12 макеттерінің суреті пайда болды. Фотосуреттермен беделді инсайдер Сонни Диксон өзінің Twitter-дегі парақшасында бөлісті, деп жазды korrespondent.net.
Суретте 5,4, 6,1 және 6,7 дюймді диагоналі бар жаңа гаджеттердің үш үлгісі көрсетілген. Суреттегі дизайнға сәйкес, Apple компаниясы iPhone 4 және жаңа iPad Pro дизайнына қайта оралатынын көруге болады. Смартфонның бүйір жақтауы доғалданбай, бұрыштары тік қалыптағы пішінде болады.
Фотосуретте барлық гаджетте үш камера бейнеленген, бұл желіге тарап кеткен қауесет. Мұндай үштік модульді iPhone 12 Pro-ның тек екі нұсқасы алады деп күтілуде. Бұл макеттерді аксессуар өндіруші компаниялар жасап шығарады. Жаңа смартфондарды камерамен жабдықтау дәл фотодағыдай болмауы мүмкін.