Иорданиялық технологиялық компания Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі

Қазақстанның Иорданиядағы Елшісі Айдарбек Тұматов «Talal Abu-Ghazaleh Global» (TAG. Global) атты Иорданияның ірі компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы және негізін қалаушысы – доктор Талал Әбу-Ғазалехпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«TAG Global» – корпоративтік басқару, салық, электрондық үкімет, электрондық коммерция, зияткерлік меншік, білім беру, экономикалық және стратегиялық зерттеулер, қаржы, инвестициялар және т.б. салаларда кәсіби қызмет көрсетудің кешенді спектрін ұсынатын ірі халықаралық топ (әлем бойынша 100-ден астам кеңсесі бар).

Кездесу барысында Елші цифрлық трансформация, Таяу Шығыс нарығына қазақстандық цифрлық шешімдерді ілгерілету, инвестициялық жобаларды іске асыру саласындағы және т.б. ынтымақтастықтың перспективаларын атап өтті. 2017 жылы Қазақстанда құрылған компания кеңсесінің қызметін Орталық Азия өңіріне тарата отырып, жандандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Талал Әбу-Газалех Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, сондай-ақ шетелдік инвесторларды қолдау шараларына қызығушылық танытты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: СІМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы