Иорданиялық шенеунік ұшақта шу шығарды

Сиднейде Малайзиядан Австралияға ұшып шыққан рейстің экипаж мүшесіне шабуыл жасаған иорданиялық шенеунік Шади Тайсир Айед Әл-Саади ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ АВС-ге сілтеме жасап.

46 жастағы Әл-Саадиге AirAsia авиакомпаниясының ұшағынан апаттық шығу жолдарын ашуға тырысқаны және стюардессаға шабуыл жасағаны үшін айып тағылып отыр. Ол әуе кемесі Сидней әуежайына қонғаннан кейінұсталды.

Сонымен бірге,басылымда айтылғандай, әл-Саадидің өзі дәрі-дәрмек пенұйықтататын дәрілерді қабылдағанын және оқиға туралы ештеңе есінде жоқ екенін айтты. Одан бөлек Иорданиядан келген шенеунік рейске отырар алдында ішімдік ішкен.

«Иордания азаматын кепіл арқылы босатудан бастартылды»,- делінген басылымда.

Айыпталушының бұрын соттылығы болмаған. Ол сәрсенбіде сот алдында жауап береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Фото: Freepik
Өзгелердің жаңалығы