Иорданияда қазақтың киіз үйі орнатылды
58-ші жыл сайынғы халықаралық дипломатиялық базар аясында Қазақстанның Иорданиядағы Елшілігі Иордания ханшайымы Басма Бинт Талал мен біздің отандастарымыз барған киіз үйді орнатты, деп хабарлады BAQ.KZ.
Іс-шарада Иорданияда аккредиттелген 30-ға жуық дипломатиялық миссияның күшімен мәдениеттер мен этностардың алуан түрлілігі ұсынылған.
Елшіліктің ұлттық кәдесыйларды сатуы арқылы жиналған қаражат Мабаррат Ум әл-Хусейн институтына берілді және Иорданияның тұрмысы нашар отбасылары балаларының білім беру қажеттіліктеріне арналған.
Айта кетейік, Мабаррат Ум әл-Хусейн институты – 1958 жылы Иорданияның марқұм патшайымы Зейн әл-Шараф құрған қайырымдылық ұйым. Институт 6 мен 18 жас аралығындағы иорданиялық ұлдарға баспана мен білім береді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгінгі ауа райы болжамы
Өзгелердің жаңалығы