Иорданияда Қазақстанның кино күндері өтті
Алматы, BAQ.KZ. Иордания Хашимит Корольдігінің астанасында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстандық кино күндері өтті.
Шараны Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ және Иорданияның кинематография бойынша Корольдік комиссиясымен бірлесіп Қазақстан Республикасының Иорданиядағы елшілігі ұйымдастырды.
Кинокөрсетілім Амман қаласының ең көне аудандарының бірінде орналасқан «Кино үйінде» өтті. Қазақстан елшісі Айдарбек Туматов қазақстандық кинематографияға танытқан қызығушылығы үшін алғысын білдірді.
Шара иордандықтардың Қазақстан халқымен, оның тарихы және мәдениетімен жақынырақ танысуына жағдай жасап, қазақстандық-иордан мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығының одан ары нығаюына септігін тигізеді, - деп атап өтті елші.
Шара режиссер Нұргелді Садықұловтың «Балуан Шолақ» көркем фильмінен басталды. Кинокартина көрерменнің жоғары бағасын алды. Келесі көрсетілген фильм – режиссер Ақан Сатаевтің «Жаужүрек мың бала» кинокартинасы.
Фильмдер тіпнұсқа үлгісінде, ағылшын тіліндегі субтитрлерімен көрсетілген. Шараға дипломатиялық корпус, БАҚ өкілдері, сондай-ақ Иордания астанасының қоғам қайраткерлері мен тұрғындары қатысты.