Әскери-инженерлік институт аруларды құттықтады
Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай, ардақты арулар мен көпбалалы әскери қызметшілердің жұбайларына арнап құрмет көрсетілді.
Мереке басында сөз алған институт бастығы полковник Асқар Мұстабеков әскери институт қабырғасында ер азаматтармен қатар, қиындыққа мойымай болашақ офицерлерді дайындауда аянбай еңбек ететін нәзік жандылардың қоғамдағы алар орнын ерекше атап өтті.
«Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8 наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге әлемнің нұрын, өмірдің гүлін, көктемнің шуағын тілейміз. Мына жарық дүниенің мәні де, сәніде сіздерсіздер!» - деді ол.
Институт қабырғасындағы барлық әйелдер қауымын институт бастығының бұйрығымен қаржылай сыйлықақымен қатар алғыс хаттар, мақтау грамоталарымен марапаттады.
Мерекелік кеште жігіттер әзіл-ысқақ қойылымдар көрсетсе еліміздің эстрада жұлдыздары әсем әндерін сыйға тартты.
Алматы қаласында орналсақан Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында 200 ге жуық нәзік жандылар Отан алдында қызмет атқаруда. Барлығының мақсаты ер-азаматтармен қатар Асыл Отанымыз Қазақстанның беріктігін, тәуелсіздігін сақтау.
Сонымен қатар әскери қоғамда әскери қызметшілердің жұбайларының алар орны жоғары. Әрбір Отан қорғаушы қызмет орнын таңдамайды. Бұйрық келсе еліміздің түкпір түкпіріне кете береді. Осындайда кеттік десе еріп, көштік десе көніп жүрген әйел азаматтарды батыр әйелдер деуге саяды. Отан отбасыдан басталады. Ошақ қасында жолдасының қиындықтарын түсініетін, ыстық-суығына күйінетін, балаларының үлгілі анасы болып, отбасысыны ұйыған айрандай ұстайтын шаңырақта береке, бақыт, қуаныш болады.
Данышпандыда хандыда, ақынменен батырдыда дүниеге алып келген Ана, бәріміз анадан жаралдық. Осы орайда Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының ұжымы барлық нәзік жандыларды төл мерекесімен шын жүректен құттықтайды.