Алматыда инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы су ресурстарын басқару және газдандыру сызбасын жүзеге асыру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Омарханов 2018 жылы қалада 228 км су құбырлары мен 207 кәріз желілерінің салынғанын және жөнделгенін айтты.
Нәтижесінде, 90 мың қала тұрғыны орталық су жүйесін (Қалқаман, Достық, Шаңырақ-1, 2, Дархан, Байбесік, Жас Қанат, Қарасу, Алтын Бесік, Алғабас, Көкқайнар, Ұлжан-1, 2, Рахат-Мәдениет, Трудовик, Таугүл-3 ықшам аудандары, З. Космодемьянская, Горновосточный, Грановский көшелері) пайдаланатын болды.
Қазіргі кезде бұл желілер пайдалануға беріледі және жоғарыда аталған елді мекендердегі үйлер орталық су желісіне қосылады. «Алматы су» МКК мен тұтынушы арасында келісім жасалған соң абоненттер орталық желі қызметін қолданатын болады.
Биылғы жылы 167 км су және 147 км кәріз құбырларын салу жоспарланған, қазірдің өзінде 8 км су және 75 км кәріз желілерінің құрылысы (Думан, Әйгерім, Жұмысшы кенті, Құрылысшы, Өжет, Шаңырақ-5, Қайрат, Қарасу, Шапағат (Заря Востока), Көкшоқы елді мекендері мен Радуга, Қазыбаев, Боралдай, Галилей көшелері) аяқталды.
Бұдан бөлек, Алматы тұрғындарын үздіксіз сапалы сумен қамтамасыз ету үшін КУСТ-19, Западная-1, ГНТК-2, Балқаш су бөгеттері мен кәрізге арналған насосты стансаларда ( Тастак, Бекмаханов, Көкқайнар, Трудовик) жөндеу жұмыстары жүруде.
8 ықшамауданның (Құрамыс, Жайлау, Таужолы, Колхозшы, Әлмерек, Бірінші май, Алғабас, Боралдай) 40 мың тұрғынын сумен қамтамасыз ету үшін желілер салу жұмыстары басталды. Олардағы су құбырларының жалпы ұзындығы 142,8 км, кәріз желілерінікі — 106,9 км.
3 ықшамауданның (Ақжар, Каменск шатқалы, Көлсай) 18 мың тұрғынын сумен қамту үшін құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге байқау байқау жарияланды, бұлардағы су құбырының ұзындығы 50,1 км, кәріздікі — 23,3 км.
53 мың тұрғынды қамтитын 8 ықшамаудан бойынша (Шұғыла, Қарғалы, Қарағайлы, Тастыбұлақ, Таусамалы-Каменка, Сұлусай, Бутаковка, Теректі) жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Мемсараптама оң ұсыныс берсе, жыл аяғына дейін 117,6 км су, 110,2 км кәріз желілерін тарту жоспарланған.
«Алматы Су» МКК бас директорының орынбасары – өндіріс жөніндегі директор Берік Жамбылов 2019 жылы кәсіпорын тарапынан сумен жабдықтау шараларына 2 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалғанын айтты. 11,7 км су құбырлары жөнделді, тозған 2,8 км желілер, өрт сөндіретін 142 гидранттар бірлігі, 337 жылжығыштар жаңарды.
500 км астам су құбырлары мен 300 км астам кәріз желілері, 70 км кәріз құбырлары, 22 мың құдық жуылып, тазартылды. Өрт сөндіретін 881 гидранттар, 2250 шектеулі арматуралар және 566 насосты қондырғы бірлігі, 248 жабу клапандары бірлігі жөндеуден өтті.