Инженерлер тапшылығына байланысты дуалды оқыту жоспарланып отыр

Бұл туралы «Ст Эсембли» ЖШС бас директоры Сергей Жолик айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Ст Эсембли» ЖШС компаниясы Петропавл қаласында орналасқан кәсіпорын. Бүгінде «Claas Herion» астық жинайтын комбайндар, заманауи орақтар, қуатты тракторлар, сондай-ақ кең егіс кешендері шығарылып келеді. Кәсіпорын бас директоры Сергей мырзаның пікірінше, кәсіпорындар жабдықты сатып алу мен орнатып, шикізат пен компоненттерді сатып алуды, логистиканы ғана емес, сонымен қатар қызметкерлермен жұмыс істеуді, оны оқытуды және басқа да көптеген аспектілерді естен шығармауы керек.

Әрбір жаңа өндіріс орны тек бірінші дәрежелі машиналарды шығаратын made by CLAAS принциптеріне толық сәйкес келуі өте маңызды. Германиядағы, Франциядағы, Венгриядағы немесе Қазақстандағы барлық CLAAS кәсіпорындарында техника бірыңғай стандарттар бойынша шығарылады. Ол үшін білікті және сауатты қызметкерлер қажет. Бұл салада кадр жетіспеушілігі байқалады. Техникалық мамандықтардың мамандарына сұраныс өте жоғары. Ал оның ішінде инженерлер артында кезек тұр,-деді Сергей Жолик.

Сондай-ақ аталмыш кәсіпорын дуальды жүйені қолдана отырып оқыту жүйесін құруды жоспарлап отырғанын айтты.

Кәсіпорынмен бірге өсіп, дамитын талантты және ынталы адамдарды табу өте маңызды. Сондықтан Қазақстанда Германияда табысты іске асырылып жатқан және кәсіптік мекемеде білім алуды өндірістегі жұмыспен үйлестіруге мүмкіндік беретін, яғни теорияны практикамен біріктіретін дуалды оқыту жүйесінің қалыптасуына бастамашылық жасау міндеті қойылды. Қазір машина жасау саласы үшін мамандар даярлауға маманданған қазақстандық колледждердің бірімен бірлесіп бағдарлама мен оқу жоспарын белсенді пысықтау жүріп жатыр,-деп атап өтті ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Кейіпкердің жеке мұрағатынан
Өзгелердің жаңалығы