"INVIVO" зертханасы 16 қалада бәсекелестерінің жұмысына кедергі келтірген
Алматы қаласы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті INVIVO брендімен жұмыс істейтін «INVIVO Business» ЖШС-нің әрекетінен үстем жағдайды теріс пайдалану белгілерін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тексеріс анықтағандай, компания зертханалық қызмет көрсететін басқа кәсіпкерлермен франчайзинг шарттарын жасаған. Ал егер келісім бұзылған жағдайда оларға 24 ай бойы бәсекелес ұйымдармен жұмыс істеуге тыйым салып отырған.
Бұл талаптардың салдарынан зертханалық қызметтер нарығында жұмыс істейтін 16 қаладағы кәсіпкерлердің қызметіне кедергі келген.
Агенттік қабылдаған шаралардың нәтижесінде INVIVO компаниясы франчайзинг шарттарынан бәсекелестікті шектейтін нормаларды алып тастады. Осылайша ел бойынша 143 кәсіпкердің құқығы қорғалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Көктемде тасқын қаупі бар ма? – министр түсіндірді
Өзгелердің жаңалығы