Инвесторлар ауруханаларға медициналық жабдықтар сыйлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шетелдік инвесторлар коронавируспен ауыратын науқастарды емдеуді жеңілдету үшін Нұр-Сұлтан қаласының ауруханаларына медициналық құрал-жабдықтар берді. 

Медицина қызметкерлері жабдықты пайдалану бойынша тиісті дайындықтан өтті. Сатып алынған медициналық құрылғыда қарқынды терапияға арналған заманауи жабдықтар, атап айтқанда, төсек мониторлары, инфузиялық сорғылар, қан анализаторы, электркедергілі томограф, сондай-ақ реанимацияға арналған функционалды жабдықтар кіреді. Бірлескен жоба аясында осы орталықтың медицина қызметкерлері үшін 10 мың жеке қорғаныс құралдары сатып алынды.  

Медициналық жабдықты сатып алуға қаражат бөлген бірлескен қайырымдылық жобасының қатысушылары: Шелл Казахстан, Эни, ИНПЕКС Норт Каспиан Си Лтд., Тоталь, ЛУКОЙЛ, Камеко Қазақстан, Эр Ликид, Такеда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы