Инвестициялық жобаларды дамыту перспективалары АҚШ-та талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің АҚШ-қа сапары аясында Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев пен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов Нью-Йорк пен Вашингтонның іскер топтар өкілдерімен келіссөздер жүргізді. 

Қазақстандық делегация «Boeing», «Valmont Industries», «Honeywell», «Pfizer», «Champion Foods», «Paramount», «SMP Robotics», «LA Solar Group», «Ardmore Capital», «JP Morgan Chase & Company» және т. б. компаниялардың басшылығымен кездесулер өткізді. Тараптар Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады. 

Келіссөздер барысында Ардақ Зебешев АҚШ Қазақстан экономикасына жалпы көлемі 55 млрд  АҚШ доллар инвестиция салғандығын  атап өтті. 

Қазақстан Орталық Азия өңірінде бизнес жүргізу үшін ең жақсы орын болып қала береді, ал АҚШ-тың тікелей шетелдік инвестициялары біздің экономикалық, әлеуметтік және мәдени байланыстарымызды толықтырып, дамытуды жалғастырып жатыр. Үкімет Қазақстанның орасан зор табиғи байлығын пайдалану және америкалық озық технологиялар мен мол тәжірибенің арқасында жергілікті әлеуетті дамыту үшін ірі америкалық компаниялармен белсенді ынтымақтастық жасайды, - деп атап өтті Ардақ Зебешев.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов өңірдегі ағымдағы оқиғалар аясында көптеген шетелдік инвесторлар өздерінің кетуі және Ресей нарығындағы қызметінің тоқтатылуы туралы хабарлағанын хабарлады. 

Көптеген компанияның Қазақстанға қоныс аударуына байланысты Қазақстанға көшу немесе бірлескен кәсіпорындар ашу үшін мүмкіндіктер ұсыну арқылы шетелдік компаниялармен тікелей өзара іс - қимылды жолға қою үшін барлық институционалдық жағдайды жасауға дайын екенімізді білдіреміз, - деп атап өтті Мейіржан Юсупов. 

Кездесу барысында «Valmont Industries» компаниясының вице-президенті Дарен Сикман жаңбырлатқыш қондырғыларды өндіру және өңірлерде демо фермалар құру бойынша зауыт құрылысы жобасын іске асырудың өзектілігін атап өтті. Тараптар сондай-ақ компанияның 70 жылдық тарихында жинақталған мол тәжірибесін ескере отырып, «Valmont Industries» - пен серіктестік Қазақстанның ауыл шаруашылығы секторын дамыту үшін стратегиялық маңызды болып табылатынын атап өтті. Өнімділік пен экономикалық тиімділікті арттыру ауыл шаруашылығы саласындағы күн тәртібінің ең маңызды тармақтарының бірі. 

«Boeing» компаниясының үкіметтік ұйымдармен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры Брайан Лоппен кездесу барысында компания өкілі Қазақстан Орталық Азиядағы экономикалық орталық ретінде шетелдік компаниялар үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті. 

Тиімді географиялық орналасуының арқасында Қазақстан 500 млн астам тұтынушысы, оның ішінде Қытай, ЕАЭО елдері және Орталық Азия нарығына қол жеткізе алады. Қазақстан Еуропа мен Азияны байланыстыратын Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трансұлттық көлік дәлізінің бір бөлігі Қазақстан аумағы арқылы өтеді, - деп атап өтті «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басшысы. 

Мейіржан Юсупов Қазақстанға инвестиция салудың басқа себептерінің қатарында қолайлы бизнес-орта, білікті жұмыс күші, жан-жақты мемлекеттік қолдау және түрлі секторлардағы орасан мүмкіндіктер сияқты факторларды атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы