Инвестициялық тартымдылықты арттыруға ерекше көңіл бөлінеді – Тоқаев

Қазақстан инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша жұмысты жалғастырады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Президенттің сөзінше, 2023 жылдың өзінде ел экономикасына 23 миллиард доллардан астам шетелдік инвестициялар тартылған. Халықаралық менеджмент және даму институтының мәліметі бойынша, биыл Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 35 елдің қатарына енді. Moody's агенттігі де біздің елдің тарихтағы ең жоғары рейтингке жеткенін тіркеген. 

Біз бұған қанағаттанбай, инвестицияны одан әрі тарту үшін аянбай еңбек етуіміз керек. Үкіметтегі инвестиция бөлімі «осында және дәл қазір» қағидатын ұстанып, туындаған мәселелерді шешуі тиіс. Мамыр айында мен ұлттық экономиканы айтарлықтай ырықтандырудың негізін қалаған Президент жарлығына қол қойдым және осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстандағы инвестициялық ахуалды одан әрі жақсартуға бейілді екенімізді қуаттаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетейік, осыған дейін Астанада шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы басталғаны туралы жаздық. Еуропалық Қайта құру және даму банкінің президенті (ЕҚДБ) Одиль Рено-Бассо Қазақстанда инвесторларға өте тиімді жағдайлар жасалғанын айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы