Бүгiн 2026, 12:03 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Интерпол арқылы екі жылда 300-ден астам адам ұсталды – ІІМ

Соңғы екі жылда INTERPOL желісі арқылы шет мемлекеттерде 300-ден астам адам ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов Сенаттың жалпы отырысында мәлімдеді. 

Бауыржан Әленовтің айтуынша, қазіргі таңда қылмыскерлерді іздеу географиясы айтарлықтай кеңейген. Бұрын негізінен ТМД елдерімен шектелген іздеу жұмыстары бүгінде алыс шет мемлекеттерді де қамтып отыр.

Соңғы екі жылда Интерпол арқылы шет мемлекеттерден 300-ден астам адам ұсталды. Қазіргі кезде қылмыскерлерді іздеу географиясы кеңеюде. Азаматтар ТМД ғана емес, одан алыс шет мемлекеттерде де ұсталып жатыр. Мысалы, ақпан айында Индонезияда Атырау облысында жасалған қылмысқа күдікті төрт адам ұсталды. Екі ел арасындағы Интерпол байланысының арқасында олар наурыз айында Қазақстанға жеткізілді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – дейді Әленов.

Сондай-ақ ол Интерпол тізіміндегі деректер тұрақты түрде тексеріліп отыратынын атап өтті.

Айта кету керек, Интерпол тізімі бойынша деректер үнемі тексеріліп отырады. Кейде ұйымның ережелері мен жарғысына сәйкес мәліметтер базадан алынып тасталады. Мұндай жағдай ұйымға мүше барлық елдерде кездеседі. Соған қарамастан халықаралық іздеудегі адамдарды іздеу тоқтамайды. Іздеудегі адамдарды анықтап, елге қайтару бойынша жұмыстар жалғасып жатыр, – деді министрдің бірінші орынбасары.