Интернеттің баяулығы туралы желіде шағымданғаннан пайда жоқ – Мусин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Оның айтуынша, бүгінгі күні халықты оптикалық интернетпен және мобильдік интернетпен қамтамасыз ететін бірнеше оператор бар. Алайда соларға қатысты шағымдардың көп бөлігі тек ауызша, желіде айталады.

Интернеттің сапасына көңіліңіз толмаса шағымды ресми түрде жолдау қажет. Желідеге шағымға қатысты ешкім шара қолдана алмайды. Мысалы тікелей бізге ресми шағым жолданса тексеру жүргізіледі. Тиісті айыппұлдар салынады. Барған жерімде, әсіресе аймақтарда шағымдар естісем, операторлардан себебін білуге тырысамын. Бірнеше рет айппұл салынған жағдайлар да болды. Және интернет жиілігін нормаға сай ету үшін оларға белгілі бір мерзім беріледі, - деді ол.

Оның айтуынша, Қазақстанда бәсекелестік орта жоқ емес, бар. Дегенмен ауылды жерде оптикалық интернетті тарту және оны қамтамасыз етіп отыру көп қаражатты талап етеді. Оператор сапалы интернетпен қамтамасыз ете алмаса ол оның халыққа белгілеген тарифіне әсерін тигізуі тиіс.

Бес жүзден астам елді мекенде интернет сапасы өте нашар, ал 1200-1200-не желі тартылмағанынан хабардармыз. Алдағы уақытта 286 интернет сапасын жақсартуға арналған құрылғы қойылады, тиісті операторлармен келісімдер жүргізілуде. Қалғандарының мәселесі спутниктік трансмиссяи көмегімен шешілетін болады, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы