Зейнеткер интернеттегі рецепт арқылы ем жасамақ болып күйіп қалды

Алматы, BAQ.KZ. Мәскеуде зейнеткер интернеттен көрген рецепт арқылы ем жасамақ болып, үйін жарып жібере жаздады. 

Бұл туралы Известия басылымы жазды.

65 жастағы әйел қайнап жатқан ерітіндіге спирт құйған, алайда жедел булану салдарынан ол спиртті бұлтқа айналған. Нәтижесіне ол газ пешіне түсіп, тұтанған. 

Денесін күйік шалған зейнеткерді дер кезінде қалалық емханаға жеткізген. Дәрігерлер науқастың қанын тазартып, жасанды демалдыру қондырғысын қойып, жараны түрлі хирургиялық дәрі-дәрмекпен сүртіп, яғни көп күш жұмсай отырып, әйелдің өмірін аман сақтап қалған, - делінген таратылған ақпаратта.

Мамандардың айтуынша, бұл бірінші жайт емес, бұған дейін де интернет арқылы емделмек болып, емханаға ауыр халде түскендер болыпты.

Осы жылдың күзінде Қытайда оқушы қыз интернеттен көрген рецептті қайталамақ болып көз жұмған. Оның қасында болған құрбысы күйіп қалған. Қыздар Ms Yeah есімді блогер қыздың рецепті бойынша попкорн әзірлемек болған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы