Интернеттегі қылмыскерлерді ұстау қиынға соғады – Омарбеков
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Интернет-алаяқтыққа қарсы күрес туралы брифингте ҚР ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Ерлан Омарбеков интернет-алаяқтықтың дамуы туралы айтты.
Интернет-алаяқтыққа қатысты қылмысты ашу өте қиын процесс. Қылмыскерлер әдістерін жиі өзгертіп, телефон номерлері мен серверлерді ауыстырып отырады. Біз өзге елдерге халықаралық өтініммен шығып, серверлерді анықтауды жүзеге асырамыз. Процесс өте күрделі және ол көп уақытты қажет етеді. Әрине, біз қылмыскерлерді тезірек табуға тырысамыз,- деді ол.
Ол цифрландырудың дамуы нәтижесінде аталған қылмыс түрі жылдам әшкереленіп, қылмыскерлердің бірден ұсталатынына үміт артты.
Омарбеков атап өткендей, кибералаяқтыққа қатысты барлық қылмыс тергеу департаментінің бөлімшелерінде қаралады.
Ішкі істер министрлігінің құрылымында киберқылмысқа қарсы орталық жұмыс істейді. Республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарында тергеу топтары жұмыс істейді. Олар қылмысты ашып, оларды тергеуді жүзеге асыруға жәрдемдеседі, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ІІМ қанша интернет-алаяқтықтың бетін ашты?
Өзгелердің жаңалығы