Интернет желісі арқылы алаяқтық жасаған жас жігіт қолға түсті

«Байқоңыр» ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық жасаған 18 жастағы Ақмола облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тергеу барысында анықталғанындай, жәбірленуші «Олх» сайтына өзінің ноутбугын «Ihpone 13» маркалы ұялы телефонға ауыстырамын деген хабарлама орналастырады. Содан оған жас жігіт хабарласып, ноутбукка ұялы телефонын ауыстыратынын айтып сендірген. Екеуі заттарын бір-біріне такси арқылы салып жіберетін болып келіседі. Жәбірленуші өзінің ноутбугын көрсетілген мекен-жайға такси арқылы салып жібереді, алайда жас жігіт уәдесін орындамай ұялы телефонын өшіріп, хабарсыз кеткен. Келтірілген шығын көлемі 147 мың теңгені құрады.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның елорда аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы