Қазақстанда 90-нан астам қауіпті интернет-сайт анықталды

Астана, BAQ.KZ. 2018 жылы ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті 92 қауіпті интернет-ресурсты анықтаған. Бұл жөнінде ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. 


«2018 жылы «WebTotem» жүйесі арқылы интернет желісінің қазақстандық сегментіне мониторинг жүргізу нәтижесінде ақпараттық қауіпсіздік комитетінің мамандары ресурстың басты бетін ауыстыру (дефейс), сондай-ақ, криптовалюта табу (майнер) тіркелген 92 веб-сайтты анықтады», - деп жазылған хабарламада. 

Ақпаратқа сәйкес, өткен жылдың желтоқсан айында АҚК мамандары бір қарағанда театрдың ресми сайтына қатты ұқсас театрдың жалған сайтын анықтаған. Оның көмегімен қаскөйлер жалған билет сатылымын жүзеге асырып отырған. АҚК осы факті бойынша барлық материалдарды құқық қорғау органдарына жолдап, өз кезегінде, құқық қорғаушылар алаяқтардың қылмысын тоқтату бойынша тиісті шаралар қабылдаған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы