Интернет арқылы сексуалдық қызмет ұйымдастырғандар қылмыстық жауапқа тартылады
Интернет арқылы сексуалдық қызметтерді ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мәжіліс жалпы отырыста адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелеріне қатысты заң жобаларын екінші оқылымда мақұлдады.
Заң жобасын депутат Марат Башимов таныстырды.
Заңға жезөкшелік түсінігі, яғни, сексуалдық сипаттағы ақылы қызметтерді көрсету, оның ішінде жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер арқылы басқа адамның жыныстық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен телекоммуникация және интернет желісі арқылы көрсету енгізілген, - деді ол.
«Жезөкшелік» анықтамасының ұсынылып отырған редакциясы жезөкшеліктің мұндай түрлерін, оның ішінде кәмелетке толмағандарды оған заңсыз тартумен айналысатындарды және болашақта ұйымдастырушыларды ҚК 134, 308, 309-баптары және ҚК мен 450 ӘҚБтК бойынша жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.