Интернет арқылы есірткі саудасымен айналысатындарға жаза күшейеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Заңсыз есірткі айналымында ақпарат ресурстарын пайдаланғаны үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын талқылау барысында айтылды.
Заңсыз есірткі айналымы үшін электронды ақпарат ресурстарын пайдалану деген саралау белгісі енігзілмек. Мұндай қылмыстар үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделіп отыр. Жастар көбіне интернетте, әлеуметтік желілерде отырады. Ал есірткі сатушылар технологияны пайдалану арқылы өздерінің теріс пиғылдарын іске асырып отыр. Олар кеңінен қолдану арқылы есірткі заттарын таратудың жаңа жолын тауып алған. Бұл жағдай заңнамалық өзгерісті талап етеді, - деп айтты бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов.Парламент Мәжілісінің депутаты Балайым Кесебаева интернет жүйесі арқылы есірткі сату фактілері көбейіп келе жатқанын айтты.
Тиісінше сайттар арқылы есірткіні сатып алатындар саны да артып келеді. Мұның арты адам өліміне соқтыратын тіркелген фактілердің де барын көріп отырмыз. ІІМ дерегінше, есірткі сатумен айналысатын, есірткіні тарататын 5000 сайт анықталған. Оның 140-ы – қазақстандық сайт. Ешкім де жауапкершілікке тартылмаған. Қылмыстың онлайн сипатын ескере отырып ұсынылып отырған норма практикада қалай жүзеге асырылады?, - деп сұрады депутат.Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов мұндай сайттардың көбі шетелде екенін айтты.
Интренет кеңістікті күнде зерделеп, мұндай сайттарды анықтап отырмыз. Ақпарат министрлігімен бірге осындай сайттарды жабуға іс-әрекеттер жасаймыз. 5000 сайт анықталды. Оларды жабуға іс-әрекеттерді жасадық. Заң жобасында жауапкершілікті күшейтуді ұсындық. Шетелде жұмыс істеп жүрген сайттар туралы фактілер бар. Ресейге аумағында істеп жүрген 240 телефонға сұрау жасадық. Олар анықтап, жауапқа тартылды, - деп айтты Жақыпов.Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин интернет ұсыныстарының 60%-ы шетелден келгенін айтып, сол себепті ресейлік әріптестермен бірлесе жұмыс істеу қажет екенін атап өтті.
Белгілі болғандай, мал ұрлағандар залалды өтесе де жазадан құтылмайтын болады. Сонымен қатар, зорлау аса ауыр қылмыстар санатына көшеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада "Ғаламның рақым нұры" атты мәуліт кеші өтеді
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы