Интернет алаяқтықтың жаңа түрі шықты
Интернет алаяқтар қулықтың жаңа түріне көшкен. Осыған байланысты полиция халыққа ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кейінгі уақытта алаяқтар өздерін медицина мамандары ретінде таныстырып, WhatsApp-қа қоңырау шалып немесе хабарлама жазып жатыр. Олар адамдарға диспансерлеу, флюорографиядан өтуді ұсынады. Ыңғайлы күнді таңдап, тіркелу үшін SMS-арқылы келген сандарды айтуды сұрайды да дербес деректерге қол жеткізеді.
Ешқандай жағдайда кодты айтпаңыз! Алаяқтар сіздің жеке кабинеттеріңізге қашықтан кіріп, дербес деректерді иемдену арқылы несие рәсімдей алады. Бұлар бұрын банктің қауіпсіздік қызметкерлері немесе полиция қызметкерлері болып хабарласқан алаяқтар. Осы туралы жақындарыңызға, әсіресе, егде жастағы адамдарға айтыңыз, – деп жазылған хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы