18 Сәуір 2024 2024, 12:59
Фото: pixabay.com
Instagram-да ұтыс өткізген жетісулықтар 250 мың теңге айыппұл арқалады
Instagram парақшасында заңсыз лотерея ұйымдастырған Жетісу облысының екі тұрғынына қатысты 70 АЕК (қайта жасалған жағдайда 200 АЕК) мөлшерінде айыппұл салынған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Instagram-да заңсыз лотерея ұйымдастырған Жетісу облысының екі тұрғынына қатысты 70 АЕК (қайта жасалған жағдайда 200 АЕК) мөлшерінде айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, оларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.
Сонымен қатар министрлік әкімшілік құқық бұзушылық туралы сотқа тағы 5 хаттама жолдады.
Instagram желісінде заңсыз лотереялық ұтыс ойындарын ұйымдастырудың 10-нан астам фактісі бойынша хаттамалар дайындалып жатыр.
Министрлік құқық қорғау органдарымен бірлесіп Интернетте лотереяны заңсыз ұйымдастырушылардың қызметін тоқтату жөніндегі жұмысты жалғастырады.