Instagram-да полицейді балағаттаған ер адам қамауға алынды

Шымкент тұрғыны полицейге жала жапқаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Астана қаласы Полиция департаментінің ресми Instagram парақшасында беймәлім ер адам мемлекеттік қызметшіге қатысты әдепсіз пікірлер қалдырғаны анықталды. 

Шымкент тұрғыны өз жазбаларында полиция қызметкерінің абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған мәліметтер таратқан. Сонымен қатар оған және оның отбасына қоқан-лоқы көрсеткен. Тексеру барысында полицейлер оның жеке басын анықтап, 48 жастағы ер адам полиция бөліміне жеткізілді. Оған қатысты "Жала жабу" бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Шымкент қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен аталған азамат 20 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында 15 жасар қыз босанып, күдікті 71 жастағы зейнеткер қамауға алынғанын хабарладық. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы